Қайрат Нұртас өнер көрсеткен концерттен соң жағалауда үйілген қоқыс қалды

Көкшетауда Металлургтер күніне орай өткен Қайрат Нұртастың концертінен кейін жағалауда шашылып қалған қоқыс тұрғындардың наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

"Біздің адамдарға не болған?" - деп сұрақ қояды әлеуметтік желілерде тараған видео авторы.

Бейнежазбадан бұқаралық іс-шара мен отшашудан кейін жерде бөтелкелер, құтылар мен өзге де қоқыстардың шашылып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін желі қолданушылары "Көкшетаулықтар мәдениетті демала біле ме?" деген сауал көтерді.

Көкшетауда Металлургтер күні 18 шілдеде аталып өтті. Негізгі мерекелік іс-шара "Болашақ сарайына" қарама-қарсы орналасқан жаңа жағалауда ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концертте танымал әнші Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама соңы отшашумен аяқталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!