Көкшетауда Металлургтер күніне орай өткен Қайрат Нұртастың концертінен кейін жағалауда шашылып қалған қоқыс тұрғындардың наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
"Біздің адамдарға не болған?" - деп сұрақ қояды әлеуметтік желілерде тараған видео авторы.
Бейнежазбадан бұқаралық іс-шара мен отшашудан кейін жерде бөтелкелер, құтылар мен өзге де қоқыстардың шашылып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін желі қолданушылары "Көкшетаулықтар мәдениетті демала біле ме?" деген сауал көтерді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Көкшетауда Металлургтер күні 18 шілдеде аталып өтті. Негізгі мерекелік іс-шара "Болашақ сарайына" қарама-қарсы орналасқан жаңа жағалауда ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концертте танымал әнші Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама соңы отшашумен аяқталды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz