- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртас: “Қазақстанда...
Қайрат Нұртас: “Қазақстанда АЭС салуды қолдаймын“
Танымал әнші Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның эстрада жұлдызы, танымал әнші Қайрат Нұртас бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында AMANAT партиясымен бірлескен видео жариялады.
Айта кетейік, әнші жақында АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында қонақта болған. Қайрат Нұртас AMANAT партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен атом электр станциясының салыну жобасына байланысты әңгімелескен.
Қайрат Нұртас өз сөзінде елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумға белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.
Әнші сонымен қатар өзінің видеоүндеуінде халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева