Қайрат Нұртас бостандыққа шыққаннан кейін ең алғашқы концертін қайда өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Вечерняя Караганда" мәліметінше, әнші қамаудан босап шыққаннан кейін Теміртау қаласында өнер көрсетеді.
Әртісті "Қармет" компаниясы Металлургтер күніне орай өтетін мерекелік концертке шақырған.
Шара осы жексенбі қаладағы "Астана" алаңында сағат 18.00-де өтеді. Кіру тегін.
Еске салайық, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын.
Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.
"Қаулы етемін: тараптардың татуласуы туралы келісім бекітілсін. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша іс қысқартылсын. тараптардың татуласуына байланысты. Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын", - деді судья.
Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-де есептелетінін айтты. Әнші жазасын Шымкент қалалық ІІД әкімшілік тәртіппен қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы абақтыда өтейтін болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!