Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге барып, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайрат Нұртас Оксана Тенге гүл тарту еткен.

"Денис Тен батырды дүниеге әкелген анамыз – халқымыздың мақтанышы. Батырымыз мәңгі жүрегімізде", – деді әнші.

Өнер иесі Денис Теннің анасын Қазақстанның Олимпиададағы тарихи жеңісімен құттықтады. Айта кетейік, бұл жолы ел қоржынына алтын медальді мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салған.

Әншінің айтуынша, мұндай жеңістерге жол ашқан – Денис Тен. Ол нағыз қаһарман болып, жас спортшыларға үлгі әрі бағыт көрсетті.

Оксана Тен Қайрат Нұртасқа алғыс айтып, ақжарма тілегін білдірді.

"Келгеніңе, уақытыңды бөлгеніңе рақмет. Саған үлкен жетістіктер тілеймін. Денис сені әрдайым құрметтейтін. "Қайрат – өзін-өзі қалыптастырған тұлға" деп айтатын", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget