Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты
Фото: instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншіні ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды.

"Уайымдағандардың бәріне рақмет. Менде бәрі жақсы, - деді Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова сұхбатында ешкімнің түрмеге түскенін қаламайтынын айтып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта танысымен сөзге келіп, артынша төбелесіп, 15 күнге қамауға алынған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан