- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртас әйелі...
Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримоваға туған күніне не сыйлағаны белгілі болды
Кеше танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримованың туған күн кеші өтті. Кеште Қайрат Нұртас әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі туған күнін дүркіретіп өткізіп, шоу-бизнес жұлдыздарын шақырды.
Әнші Қайрат Нұртастың әйеліне темір тұлпар сыйлағанын айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Instagram-парақшасында жариялады.
"Қайраттың Жұлдызға деген сыйлығы. Жұғысты болсын", - дейді ол видеода.
Айта кетейік, 14 сәуірде Жұлдыз Абдукаримова 35 жасқа толды. Ол туған күнін Астанада құрбыларының қасында өткізді.
Еске салайық, бұған дейін тележүргізушінің туған күніне оның бұрынғы келіні Жібек Қайратқызы да келгенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек