Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлы көңілін қалдырмайтынын айтып, тағы бір арманын орындағаны туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге тауда демалып жүрген суреттер жариялап, баласына алғыс айтты.
"3200 метр биіктікте тұрмыз. Балам бір арманыңызды орындайын деп, тауға алып шықты. Ел "Мамасы еріп алыпты деп шулап кетер, әкеңмен-ақ шыға беремін" десем, "Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз - жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін" деді", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, жақында Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға алданып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!