Жуырда танымал өнер иелері әртүрлі бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Олардың қатарында Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа бар. Танымал продюсер Алтынбек Рахметов жұлдыздарға бұл жаза қандай шығын әкелгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Казинформ" басылымына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас 19 шілдеде Ақсу қаласы мен металлургтер күніне арналған концертте өнер көрсетуге тиіс еді.
"Концертті ұйымдастырушы ретінде Қайрат Нұртас бұл іс-шарадан 5 миллион теңгеге жуық ақша таппағанын айта аламын. Оның басқа концерттерін білмеймін. Кейбір әншілер мерекелік шараға аптасына бір рет шығады, ал кейбіреулері әр қалаға барады", - деді Алтынбек Рахметов.
Сонымен қатар, өнер иесінің гонорары арқылы бір апталық кірісін есептеуге болады.
Той ұйымдастырушылардың айтуынша, Қайрат Нұртастың гонорары - кем дегенде 2,5 миллион теңге. Тұрсынбек Қабатовтың тойда тамада ретіндегі гонорары - 10-15 мың доллар.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұшақта танысымен сөзге келіп, артынша төбелесіп, 15 күнге қамауға алынған болатын.
"Бәрі тойдан басталды": Қайрат Нұртасқа қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!