- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нүкенов: "Сот...
Қайрат Нүкенов: "Сот әділ шешім қабылдамайды, оған көзіміз жетті"
Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов сот отырысына журналистердің қатыстырылмауына қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Келесі процестер ашық болғанын және журналистер болғанын талап етеміз. Сіздерсіз сот әділ шешім қабылдамайды, оған біздің көзіміз жетті", - деді ол.
Журналистердің бірі Қайрат Нүкеновтен Бишімбаевтардың алқа билер сотына үміттеніп отырғанын айтып, соған қатысты пікір білдіруін сұрады.
"Біз бұған заңды түрде әсер ете алмаймыз, Әрине, алқа билер соты кезінде сотталуыны ақтау жүреді. Біз одан күдіктенеміз. Бірақ біз соттың толығымен әділ шешім қабылдауы үшін жұмыс істейміз. Журналистердің сот отырысында болмауы - бұл бүкіл қоғам құққының тапталуы", - деді ол.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды. Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек