Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы және Тунистегі елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
"Қайрат Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!