- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Құдайбергенді қамауға...
Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзарды
Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай шешімді Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 20 желтоқсанда шығарды.
"Сот шешімімен тергеу органдарының Қ.-ны (Қайрат Құдайберген - еск.) қамауда ұстау мерзімін тоғыз айға, яғни 2023 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деді Алматы сотының баспасөз өкілдері.
Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша 22 сәуірде ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, одан кейін тағы үш айға ұзартылды.
Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман - еск.) "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек