“Қайрат“ футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

"Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бельгияда өтіп жатқан екінші топтың матчтарында алматылықтар Латвияның ТФК "Бейтар" командасын 5:3 есебімен жеңді.

Бірінші таймнан кейін Густаво шәкірттері 3:0 есебімен алда тұрды. Азат Валиуллин төртінші минутта есеп ашса, Кайо Руис 7-ші және 20-минуттарда екі гол соқты.

Руис 19-минутта пенальтиді орындай алмады. Ал екінші таймның басында, 21-минутта Алмас Иманбеков "Қайраттың" төртінші голын соқты.

Кездесудің екінші бөлігінде латвиялық клуб қазақстандықтардың қақпасына үш гол енгізді. Команда капитаны Дмитрий Кузьмин 22 және 26-минуттарда мергендік танытса, тағы бір голды қақпашы Максим Троицкис соқты.

34-минутта Кайо Руис матчтағы үшінші голын соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Бүгін, 29 қазанда, алматылықтар екінші турда Румынияның "Юнайтед Галац" клубымен кездесуге тиіс еді. Алайда қарсылас негізгі кезеңге қатысудан бас тартқандықтан, "Қайратқа" 5:0 есебімен техникалық жеңіс берілді.

Румыниялық командамен өтетін кездесулерде бельгиялық "Спортинг-Андерлехт" пен латвиялық ТФК "Бейтарға" да осындай есеппен техникалық жеңіс жазылды.

Негізгі кезең қорытындысында плей-оффқа шығатын 16 команда анықталады. Сегізінші және ширек финалда командалар екі матчтан өткізеді. Ал турнир жеңімпазы 2027 жылғы 7 және 9 мамырда Швейцариядағы "Биль/Бьен Аренада" өтетін дәстүрлі "Төрттік финалда" анықталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз