Қайрат Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 қыркүйекте Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы қылмыстық іс бойынша Қайрат Боранбаев пен өзге де айыпталушыларға қатысты үкім шығарды. Боранбаев кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
"Боранбаевтың мына мүліктері: Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, 77/7-1, құны 686 миллион теңге жер учаскесі бар коммерциялық үй-жай; Халық банкіндегі шотқа 1 миллиард 270 миллион 190 мың теңге көлемінде салынған қаражат; Боранбаевтың Қазақстан Халық банкіндегі түрлі шоттарына 5 миллион 685 мың 727 доллар, 1 миллион 170 мың 329 доллар, 755 миллион 859 мың 601 теңге, 193 миллион 170 мың теңге сомасындағы қаражаты мемлекет меншігіне тәркіленсін", - деп тәркіленетін мүліктің тізімін Сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова оқып берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!