Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Астанадағы қонақүй жұмысын жалғастыруы мүмкін

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Астанадағы қонақүй жұмысын жалғастыруы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек миллиардер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақүй жұмысын жалғастыру мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатындан журналист әкімге сұрақ қойды.

"Миллиардер Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп, мемлекетке кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде Астанада "Комфорт" қонақүйі мен Fitnaton фитнес орталығы бар. Онда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек болған. Осы нысандарда бұл орталықтары ашыла ма?", - деді БАҚ өкілі.

Жеңіс Қасымбек бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын айтты.

"Астана қаласы бойынша (әкімдік балансына – автор) "Комфорт" қонақүйі өтеді. Финтес орталықтар берілмейді. Қонақүйді (әкімдік балансына беру – автор) процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін", - деді қала әкімі.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz