Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, бірден қайтарып алған

Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, бірден қайтарып алған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бұрын аса ірі көлемде ақша жымқырды және ақшаны жылыстатты деген айыппен сотталған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қандай жаза тағайындалған еді?

Қыркүйекте апелляция қорытындысы бойынша Қайрат Боранбаев кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ал 2023 жылғы 6 қарашада ІІМ ҚАЖК Қайрат Боранбаев жазасы ауысуына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғанын хабарлады. Оған дейін кәсіпкер мемлекетке миллиардтаған ақша мен ондаған бизнесті тапсырған болатын.

Оның өтелмеген жаза бөлігі бостандығын шектеуге ауыстырылды. Ол тұрғылықты жеріне өз бетінше барып, пробация қызметіне тіркеліп, оның бақылауында болуы туралы нұсқау алған.

Шартты түрде босату туралы өтініш

Қайрат Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша сот отырысы 2 қазанда Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотта онлайн форматта қаралды.

"Сот отырысы барысында ол өз өтінішін қайтарып алды, соған байланысты сот оның өтінішін қараусыз қалдырды", – деді Алматы сотының баспасөз хатшысы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget