- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Боранбаев мемлекет...
Қайрат Боранбаев мемлекет қазынасына тағы қаржы қайтаруы мүмкін
Қайрат Боранбаев мемлекет қазынасына тағы да ақша қайтаруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.
"Қазіргі уақытта Боранбаевқа қатысты оның сот үкімі бойынша сотталғанын және келтірілген залалды өтегенін білесіздер. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 миллиард теңге берді. Қазіргі уақытта оның тарапынан бюджетке қосымша тағы да қаражат өтеу жағы қарастырылып жатыр. Өйткені басқа да қылмыстық істер: жеке тұлғаның салық төлеуден жалтаруы және ұрлық бар. Осы істер аясында қазіргі уақытта активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Алайда агенттік өкілі соманы нақтылап айтпады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан