- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Боранбаев қашан...
Қайрат Боранбаев қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бір аптадан соң түрмеден шығуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде кәсіпкер жазасының үштін бірін өтеп, мемлекетке келтірілген залалды толық қайтарған.
Әсет Шындалиевтың айтуынша, сот Қайрат Боранбаевтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
"Қазір соттың шешімі қабылданды. Сот үкімі заңды күшіне енген кезде ол бостандыққа шығады. Қазір сізге оның нақты қай күні (түрмеден) шығатынын айта алмаймын. Себебі, есімде жоқ. Бірақ бір апта бұрын сот шешімі қабылданды десек, сол күннен бастап, 15 күндей күту керек. Яғни (Қайрат Боранбаев) бір аптадан кейін (түрмеден) шығуы ықтимал", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz