2023 жылдың қазан айында сот Қайрат Боранбаевқа бас бостандығын шектеу жазасын ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас бостандығын шектеуге сотталғандар өз бетінше жүретін тұрғылықты жері бойынша жазасын өтейді, оларға пробациялық бақылау белгіленеді.
Мекеме әкімшілігі сотталғанға есепке қою үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кету туралы нұсқама береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.
6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.
Еске сала кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.
16 қазанда сотталған Қайрат Боранбаевтың Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырғаны белгілі болды. Аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз