“Қайғырып көңіл айтамын“. Мақпал Жүнісова жерлестеріне қолдау көрсетті

Танымал әнші Мақпал Жүнісова туған жерінде болып жатқан өртке байланысты жерлестеріне көңіл айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Туған жерімізде өрт болып жатыр екен. Егіндібұлақ, Шөптікөл халқына Алла жар болсын, марқұм болған бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтамын, иманы саламат болсын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазір басқа қалада болса да, әнші Қарағанды облысындағы өрттің видеосын көріп, көңілі құлазып отырғанын жеткізді. 

"Алла жәрдемші болсын, видеоны көріп, көңіл бұзылды", – деп жазған ол өрт кезінде қайтыс болған азаматтың отбасына сабыр тіледі. 

Еске салайық, Қарағанды және Павлодар облыстарында басталған өрт 45 мың гектар аумақты шарпыды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!