- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайғылы жол апатына...
Қайғылы жол апатына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Қайғылы жол апатына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі 42 жастағы BMW 530 жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды.
Ер адамды қамауға алып, құқық қорғау органдары соталды тергеуді бастады.
Еске салайық, кеше, 11 қарашада Талдықорғанда BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан 4 жасар бала қаза тапты. Апаттан тағы екі ересек ер адам зардап шекті, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек