"OZMZ ғой" бағдарламасында қонақта болған рэпер De Lakure "Қайдасың" трегін 10 минутта жазғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ануардың айтуынша (лақап аты De Lacure), аз уақыттың ішінде әлеуметтік желіде танылып үлгерген "Qaidasyn" трегіндегі "А чё, неге өзің мүлде көрінбейсің?
Мені сұрап қоясың, өзің үндемейсің?" - деген жолдар үйде достарымен отырғанда диалог арасында пайда болып, мәтін он минутта өмірге келіп, трекке айналыпты.
Бағдарлама жүргізушілерінің "Бұл трек қандай да бір қызға арналған ба?" деген сұрағына: "Нақты бір қызға арналған өлең емес, бірақ жиынтық образ болуы мүмкін. Ішімнен сондай махаббатты қалаймын. Негізі, қыздар, менің басым бос",- деп жауап берді De Lacure.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!