Ainasays лақапатымен танымал блогер, полиглот Айна Исаева "инфосығандарды" сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті.
"Менің ойымша, адамдардың басты қателігі - басқа адамдарды ақымақ қылу. Айналадағыларды ақымақ деп ойласаң, түптің түбінде өзің ақымақ болып шығасың. Өйткені есімдерін атамай-ақ қояйын, бұл менің тарабымнан әдепсіз болады, бірақ әріптесімнің көбі, танымалдар қайдағы жоқ нәрселерді сатып кетті. Адамдар соған сенеді, соңғы ақшасын құртады, бөліп төлеуге алады, үйренгісі келеді. Әдетте мұндай курстарды студенттер, жұмысы жоқтар, декретте отырғандар, жасөспірімдер алады. Бұл менің көңілімді түсіреді, мен бәрі өздеріне айналып келеріне үміттенемін", - дейді ол.
Блогер мұндай алдау схемасын түсіндіріп берді.
"Мысалы, бір продюсер келіп бір блогерге "сен танымалсың ғой, біз саған бәрін дайындап береміз, бар болғаны Stories-ке салып жарнамалауың керек. Түскен ақшаны тең бөліп аламыз. Курсқа 5 видео түсіріп тастайды, олар тіпті курс ақшасын аударма етіп ала салады. Бұлай болмайды. Мұның бәрі заң жүзінде болуы керек. Бұл менің көңілімді түсіреді, өйткені маған да қатысы бар"
Айна Исаева - танымал блогер, полиглот, әнші. Оның Instagram-парақшасында 518 мыңнан аса оқырманы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!