- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайда шағымдансаң да...
"Қайда шағымдансаң да қайтармаймын". Астана тұрғыны такси жүргізушісіне 60 мың теңге аударып жіберген
Елордада такси жүргізушісіне 60 мың теңге аударып жіберген қыздың ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы Полиция департаментіне қала тұрғындарының бірі алғыс айтқан. Ол такси жүргізушісіне телефон арқылы байқамай артық ақша жіберіп қойған.
"InDrive қосымшасы арқылы такси шақырдым. Таксидің ақшасын төлеу керек екені ойымда болған. Бірақ ағама ақша жіберемін деген ниетпен таксиге байқамай 60 мың теңге жіберіп қойыппын. Ол ақшаның түскенін біле тұра қайтарғысы келмеді. Тіпті "қайда шағымдансаң да қайтармаймын" деп қоқан-лоққы көрсетті. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құқымды таптатпай, заң шеңберінде шара қолданды", - деді ол.
Полиция департаментінің басшылығы халыққа қымет ету полицияның басты міндеті екенін еске салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова