- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайда барарымды білмеймін"....
"Қайда барарымды білмеймін". Танымал актриса өзін мазалап жүрген проблеманы көтерді
Актриса Дариға Бадықова отандық шоу-бағдарламаларға көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Осы қара көйлекті бәрі ұнатып жатыр. Расында, көре білгенге әдемі. Енді осыны киіп баратын күшті бір шоу-бағдарлама болса ғой! Тек шоуды жүргізе алатын әзілі мықты жүргізуші болса. Келген қонаққа қазан-ошақтың төңірегінде сұрақ қоймай, өсек-аяңды сұрап кетпей, шоуға сай, ішкі еркіндігі бар, қонақтың мамандығы бойынша, сұрақтың астаң-кестеңін шығарып, күлкіге толы астарлы әзілдермен, сұрақ қоя алатын, бір бағдарлама болса, шіркін ай! Бізде бағдарламалар бар ғой дерсіз, бірақ жүргізушілердің ішкі еркіндігі жоқ, қатып қалған ауырлық сезіледі", - дейді актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бадықова істеп жатқан дүниелерін көрерменмен бөлісе алмай қалғанын айтады. ⠀
С. Сатыбалдина"Кезінде әйтеуір "Түнгі студияға" барып бөлісіп қайтушы едік, ол да қыршын кетті-ау. Орыстардың "Привет Андрей", "Вечерний Ургантын" көріп няғылып кетем ше... Бізде неге осындай жоқ деп... Еркін форматтағы про "Шоу Эллен" вообще молчу. Өзіміз өнерде жүргеннен кейін, кейде шоу программа жүргізгің келеді. Ұсынып та көрдік! Түрлі синопсистар өткіздік, білмеймін алмайды. Почтальондар жолдан қайтарады-ау деймін. Поштаға жетсе де қоя тұрыңдар, әлі қайдаа сендерге дей ма кім білсін?! Бірақ тегі ше, әртіс ретінде динамикасы мықты шоу программаға барғым келеді. Телеарнаның құдыреті басқа. Менің елестетуімді түсінсеңіздер", - деп жазды актриса. ⠀