Қай өңірлерде су тасқыны қаупі басым?

Қай өңірлерде су тасқыны қаупі басым?
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көктемде 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде елімізде су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. "Қазгидромет" РМК болжамынша, ақпан және наурыздың соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормадан мол жауын-шашын жаууы мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдегі елді мекендерде, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар", - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, қар көп еруіне байланысты Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерінде су тасқыны қаупі сақталып отыр.

"Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажет іс-шаралар кешенін өткізді. "Көктем" республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды", - деді министр.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz