- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірлерде өрт...
Қай өңірлерде өрт оқиғаларының саны өскені белгілі болды
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов қай өңірлерде өрт оқиғаларының саны өскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
"Жалпы республика бойынша өрт оқиғалары мен одан зардап шеккендер үлесі төмендеді.
Дегенмен Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрт оқиғаларының саны өскен. Көп жағдайда өртке қарапайым қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болады.
Осыған байланысты, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу керегін айтты.
"Адамдар заңбұзушылықтарды жоюға және болашақта олардың алдын алуға өздері мүдделі болуы тиіс. Сонымен бірге, автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі осыған дейін бірнеше рет көтерілді. Өңір әкімдері тиіс шаралар қабылдауы керек", - деді премьер-министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек