Дүйсенбі, 19 ақпанда еліміздің бірнеше аймағында оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай қаласында 0-11 сыныптарының бірінші ауысымдағы оқушылары 1 күн онлайн форматта оқиды.
"Ауа температурасы -29 градус. 19 ақпанда Қостанай қаласы мектептерінің 0-11 сыныптарының бірінші ауысым оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ведомство хабарламасында.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 19 ақпандағы қатты аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерінің бірінші және екінші ауысымындағы сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылатынын хабарлады. Атап айтқанда, Күршім ауданында, Глубокое ауданында, Алтай қаласында, Өскеменде, Самара ауданында Ұлан ауданында, Катонқарағай ауданында, Риддер қаласында, Шемонаиха ауданында, Тарбағатай ауданында, Зайсан ауданында.
"Қарағандыда бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.
Астанада 19 ақпанда мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы оқушыларға арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.
"Ауа-райының нашарлауына байланысты 19 ақпанда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!