Қазгидромет 8, 9, 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде жаңбыр, қар жауады?
8-10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланыста ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, қар болжанып отыр, шығыста көктайғақ болады.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы
Елдің батысында түнде ауа температурасы +5+16 градус болады, күндіз +17+22 градустан +22+27 градусқа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде ауа температурасы +3+13 градустан -1-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +10+17 градус болады.
Шығыста түнде ауа температурасы 0,+8 градус болады, күндіз +10+15 градустан +2+7 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +3+10 градус болады, таулы жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +17+25 градус, таулы жерлерде +12+17 градус болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова