Қай өңірлерде күн қатты ыстық болатыны айтылды

Қазгидромет 13, 14, 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?

Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13, 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Бүкіл кезең бойы солтүстікте, солтүстік-батыста, ал 15 маусымда оңтүстік-батыста бұршақ жауып, жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді.

Қай өңірлерде күн қатты ыстық болады?

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық болады. Ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!