- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірлерде көкөніс...
Қай өңірлерде көкөніс арзандап жатыр?
Қазақстанда көкөніс бағасы жылына орта есеппен шамамен 6 пайызға өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.
Көкөністер ішінде пияз күрт қымбаттады (жылына бірден 55,1 пайызға, келісі үшін 182 теңгеге дейін). Одан бөлек қияр (40,9 пайызға, келісі үшін 1,1 мың теңгеге дейін), қызанақ (13,2 пайызға, 1,1 мың теңгеге дейін); қызылша да (2,9 пайызға, 264 теңгеге дейін) қымбаттады. Картоп бағасы, керісінше, жылына 7,6 пайызға, келісіне 157 теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ сәбіз (11,9 пайызға, келісі 153 теңгеге дейін) және қырыққабат (бірден 51,1 пайызға, келісі үшін 118 теңгеге дейін) арзандады.
Өңірлер арасында Алматы облысында баға айтарлықтай өсті, яғни бірден 26,4 пайызға көтерілген. Бұдан соң Атырау (19,7 пайызға) және Түркістан (14,2 пайызға) облыстары тұр. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Абай облысында тіркелді, бар болғаны 1,5 пайызға.
Ал еліміздің 20 өңірінің ішінде 9 өңірде жаңа піскен көкөністердің бағасы төмендеді. Ең төмен бағалар Павлодар (7,6 пайызға), Ақтөбе (7,2 пайызға) және Жамбыл (5,1 пайызға) облыстарында байқалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова