Қазгидромет 20, 21, 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ та жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде, таңертең тұман түседі.
20 тамызда орталықта, 21 тамызда шығыста, 22 тамызда солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30+38 градусқа дейін, Маңғыстау облысының кейбір аудандарында +41 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысында ауа температурасы +20+30 градус, солтүстік облыстарда +17+28 градус, орталық және шығыс өңірлерде +17+30 градус, ал Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30+38 градус болады деп болжанып отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз