Қай өңірлерде қатты ыстық болады?

Қай өңірлерде қатты ыстық болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 6, 7, 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстігі мен шығысына ықпал етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22-27 градус болады.

Ал батыс және оңтүстік өңірлерде аптап ыстық болжанып отыр. Иран аумағынан ығысатын ауа массасы әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34-39 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 37-42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget