Қай өңірлерде жедел жәрдемге маман жетпейді?

Қай өңірлерде жедел жәрдемге маман жетпейді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жедел жәрдемге қанша маман жетпейді? Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауабында айтылған.

Жедел жәрдемде жұмыс істейтін маман тапшы ма?

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем қызметі 87,3 пайыз деңгейінде кадрлармен қамтылған:

  • Дәрігерлер - 76,9 пайыз;
  • Орта медицина қызметкерлері - 89,6 пайыз;
  • Кіші медицина қызметкерлері - 83,9 пайыз;
  • Өзге де қызметкерлер - 86 пайыз.

"Қазір дәрігерлердің тапшылығы - 447,5 штат", - деп жазылған жауапта.

Маман тапшылығы мына өңірлерде айтарлықтай байқалады:

  • Жетісу облысында (70,75),
  • Алматы облысында (38,75),
  • Ақтөбе облысында (62,25),
  • Қостанай облысында (25,0),
  • Түркістан облысында (19,0),
  • Батыс Қазақстан облысында (14,5),
  • Ұлытау облысында (17,0),
  • Маңғыстау облысында (14,50),
  • Солтүстік Қазақстан облысында (8,25),
  • Атырау облысында (7,0),
  • Ақмола облысында (2,75),
  • Алматы қаласында (68,0),
  • Астана қаласында (37,75).

Tengrinews.kz

Министрлік мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлеріне жалақы еңбек өтіліне, біліктілік санаттарына байланысты төленеді. Ал жүргізушілердің жалақысы еңбек өтіліне қарамастан бірыңғай разрядпен есептеледі.

Медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы жыл сайын артып жатқаны айтылды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлері қалай қорғалатыны туралы жаздық. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова