Қазгидромет 20, 21, 22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аз ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жел күшейіп, кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін. 21-22 маусымда еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. 21-22 маусымда республиканың солтүстік-батысында, орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді. Тек батыста ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова