Қай өңірлерде аптап ыстықтың беті қайтады?

Қазгидромет 21, 22, 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болжанып отыр.

Жауын-шашын жаууына байланысты аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Солтүстік пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +20+30 градусқа, орталық пен шығыста +22+35 градусқа, оңтүстік, оңтүстік-шығыста +27+35 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массалары ығысуына байланысты +30+42 градусқа дейін ыстық болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!