Қай өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады?

Қай өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 14, 15, 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстіктегі аптап ыстықтың беті қайтады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

15-16 шілдеде еліміздің кейбір аудандарында нөсер жауын, бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендеп, күндіз 25-30 градус шамасында болады.

Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Өзбекстан аумағынан келетін ауа массалары Қазақстанның оңтүстік, шығыс өңірлеріне ықпал етіп, көбіне жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы болады. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы 40-45 градусқа, ал шығыста 33-38 градусқа дейін көтеріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget