Қай өңірлерде 42 градусқа дейін қатты ыстық болады?

Қазгидромет 25, 26, 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде қатты жаңбыр жауады?

Республика аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Сондықтан жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл соғады.

25 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте, 25-26 маусымда шығыста, 26-27 маусымда батыс пен солтүстік-батыста қатты жаңбыр болжанып отыр.

Қай өңірлерде аптап ыстықтың беті қайтады?

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың беті қайтып, күндізгі ауа температурасы +23...+28 градусқа дейін төмендейді.

Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан ауа массалары ығысады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38 градус шамасында болып, кейбір аудандарда +40...+42 градусқа дейін жетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!