- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірлер газға...
Қай өңірлер газға әлі қол жеткізе алмай отыр?
Қазақстанда әлі де газ қосылмаған өңірлер бар. Massaget.kz тілшісі қазіргі статистика қандай екенін анықтады.
Энергетика министрлігінің ресми жауабына сүйенсек, 2023 жылғы қорытынды бойынша газ тартылу деңгейі - 60 пайыз.
Қазақстанда 12 миллион адам газға қол жеткізді. Демек, 8 миллионға жуық адам газсыз отыр.
"17 облыс пен қалаларда әртүрлі деңгейде газ қосылған. 3 облыс, яғни Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарына газ тартылмаған", - деп жазылған жауапта.
Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары салыстырмалы түрде газбен жоғары деңгейде қамтылған, 90 пайыздан асқан.
Мәселе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында күрделі күйінде қалып отыр.
Massaget.kz министрлік мәселені шешу үшін қандай шараларды қолға алғанын келесі материалда жариялайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова