- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірдегі жылу...
Қай өңірдегі жылу электр орталықтары қатер аймағында екені айтылды
Фото:
semeytke.kz
Энергетика министі Болат Ақшолақов қай өңірдегі жылу электр орталықтары қатер аймағында екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, 19 ЖЭО қызыл аймақта, яғни қатер аймағында тұр. 11 ЖЭО сары аймақта болса, 7 ЖЭО ғана жасыл аймақта тұр.
"Қызыл аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала деректер бойынша, бұл жұмыстарды орындау үшін 182 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру керек", - дейді Ақшолақов Үкімет отырысында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина