- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірде шаштараз...
Қай өңірде шаштараз қызметі қымбат?
Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сұлулық қызметтерін көрсетушілердің бағасы жылдық мәнде (2021 жылғы қарашамен салыстырғанда) 17 пайызға өскен.
Қарашада Қазақстанда әйелдерге арналған шаштараз қызметінің орташа бағасы 2 744 теңге болған. Өңірлер арасында бұл қызмет астаналықтар үшін қымбатқа шығады - 4 166 теңге, ең арзаны Семейде - 1 714 теңге. Қалған қалаларда әйелдерге шаштараз қызметінің бағасы 2 мыңнан 3 мың теңгеге дейін барады.
Елімізде ерлерге арналған шаштараз қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда арзан - 2 037 теңге. Ер-азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат - 2979 теңге, арзаны Қызылордада - 1355 теңге. Басқа қалалардағы баға диапазоны 1400-ден 2500 теңгеге дейін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек