Қазақстанда шаштараз қызметтері қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының деректерінше, бір жыл ішінде бұл қызметтің құны бірден 15,5 пайыз өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шаш қию мен сәндеуге сұраныс артып келеді. Бар болғаны алты айдың ішінде сұлулық салондарының тұтынушылары шамамен 57 миллиард теңге жұмсаған. Бұл былтырғы көрсеткіштерден 73 пайыз көп.
Алматы тұрғындары бұл қызметке көп жұмсайды - бір процедураға шамамен жеті мың теңге қажет. Одан кейін Астана мен Ақтаудың салондары тұр, ол жерлерде шеберлер шамамен бес мың теңге сұрайды. Әйелдер үшін ең қолжетімді бағалар Түркістан мен Семейде. Ол жақта шаш қию шамамен 2700 теңге тұрады.
Ерлер үшін баға анағұрлым қолайлы. Ең қымбат шаштараздар Алматы мен Қарағандыда жұмыс істейді – бір рет шаш қиғаны үшін шамамен төрт мың теңге алады. Ал ең арзан шаш қию Ақтөбе мен Қызылордада – шамамен екі мың теңге шамасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!