- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңірде ет...
Қай өңірде ет қымбаттады?
Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша ет бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Маңғыстау облысында баға айтарлықтай өскен, яғни ет бір жылда 22,6 пайызға қымбаттаған. Бұл қатарда Павлодар (жылына 21,7 пайызға) мен Солтүстік Қазақстан (жылына 21,5 пайызға) облыстары бар. Ең төменгі жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалған, онда баға 9,7 пайызға өскен.
Ет пен құс еті бір жылда 15,4 пайызға, шұжық 22,2 пайызға, ет өнімдері 15,9 пайызға қымбаттады. Ет өнімдері ішінде құс еті бір жылда 29,4 пайызға, жылқы еті 16,7 пайызға, шошқа еті 14,3 пайызға, қой еті 12,9 пайызға, сиыр еті 10,1 пайызға қымбаттады. Шұжық арасында қайнатылған шұжық 23,6 пайызға, жартылай ысталған шұжық 22,2 пайызға қымбаттады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова