- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қай өңір тұрғындары...
Қай өңір тұрғындары ішімдік көп ішетіні анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері ішімдік ішетін қазақстандықтар туралы деректер келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берілген жауапта "Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтары үшін" Ұлттық зерттеуінің деректері бойынша, 2022 жылы халықтың көпшілігі ішімдікті қалыпты мөлшерде ішеді немесе мүлдем ішпейді (92,4 пайыз).
Алкогольді ішімдіктерді қауіпті дозада тұтыну ерлер үшін аптасына 168 грамнан, әйелдер үшін 84 грамнан асса таза этанол болып саналады.
Жалпы, қазақстандықтардың 7,6 пайызы алкогольді қауіпті дозада пайдаланады.
"Жалпы, халық арасында қауіпті дозада алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың таралуы - 7,6 пайыз, ерлер арасында алкогольге тәуелділіктен зардап шегетіндер 2,7 пайыз және әйелдер арасында айтарлықтай жоғары - 11,8 пайыз", - делінген зерттеуде.
Өңірлер бойынша айырмашылықтар Қазақстанда айқын байқалады.
Ақтөбе (20,9 пайыз) және Қостанай (19,6 пайыз) облыстарында алкогольді тұтынудың ең жоғары көрсеткіштері анықталды.
Сондай-ақ, Алматының орташа республикалық көрсеткіші - 15,5 пайыздан асады.
Ал Маңғыстау облысы мен Шымкентте ең төменгі көрсеткіш - 0,8 пайыз және 1 пайыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина