Бүгінде орталық және бБатыс Қазақстан өңірлерінде су сапасына қатысты мәселе бар екен. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда ауыз су сапасына үнемі мониторинг жүргізіледі. Егер су ішуге жарасама, ол пайдаланылмайды. Сондықтан біз "су сапасыз, ол ішуге жарамайды" деп айта алмаймыз. Су сапасы қырағы бақылауда. Егер (құбыр - еск.) жүйесі сапалы болса, ауыз су да сапалы болады", - деді министр Орталық коммунициялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов қай облыстарда су сапасына қатысты мәселе барын айтты.
"Мысалы, орталық және батыс Қазақстан өңірлері. Нақты айтсақ, Ақмола облысы, Жезқазған (Ұлытау облысы - еск.), кейін Маңғыстау және Атырау облыстары. Онда ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі бар. Оңтүстік және шығыс өңірлерде жағдай жақсы", - деді басшы.
Еске салайық, бұған дейін министр 2024 жылы шаруалар үшін су тарифінің бағасы көтерілетінін айтқан еді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!