Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Жедел желі" бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 3, Түркістан облысында 3, Ақтөбе облысында 4, Батыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында екеуден жаңа су қоймасы салынады.

"Жаңа су қоймаларын 3 мақсатта салып жатырмыз. Біріншіден, көктем кезінде су тасқынының алдын алу, екіншіден, жинаған суды тиімді пайдалану, ал үшіншіден, экологиялық ағынды қамтамасыз ету", - деді министр.

Министр елдегі су қоймаларындағы жиналған су көлемін айтты.

"Қазір вегетация аралық кезеңде біз Батыс Қазақстан, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстанда су қоймаларды босатып жатырмыз. Себебі келесі жылдың көктемгі мезгіліндегі су тасқынына дайындалып жатырмыз. Орташа есеппен алғанда 50 пайызға дейін босатуымыз керек", - Нұржан Нұржігітов.

Қазақстанға шетелден қанша су келеді?

Оның айтуынша, Сырдария өзені сырттан келетін су көлеміне тәуелді. Өзендегі судың 90 пайызы басқа мемлекеттен келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!