Биылғы қаңтар мен тамыз аралығындағы қорытынды бойынша ҚР министрліктерінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық дерегіне қатысы бар болып шыққан. Бұл былтырға қарағанда, 20,7 пайызға артық. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көбіне мұндай қылмыстарды Қаржы министрлігі қызметкерлері жасаған, яғни 33 адам қатысы бар болып шыққан, бір жыл бұрын 31 адам болған. Жылдық өсім 6,5 пайыз болған.
Бұл қатарға ҚР Қорғаныс министрлігі (22 адам, жылына 83,3 пайыз), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам, жылына 23,1 пайыз) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам, былтырға қарағанда, 5,3 есе көп) кірген.
Мұндай қылмыс жасағандар арасында 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам орташа қылмыс, 4 адам ауыр емес қылмыс, 1 адам аса ауыр қылмыс жасаған.
Құқықбұзушылардың 69,4 пайызы пара алу дерегімен ұсталған, яғни 77 адам, жылына 63,8 пайыз. 14 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтық жасаған, 7 адам лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланған, 6 адам пара берген, 5 адам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен.
Өңірлер арасында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыс жасаған министрлік қызметкерлерінің көпшілігі Алматыда болған, мұнда 23 адам, былтырға қарағанда, 3,3 есе көп. Одан кейін Шымкент (12 адам, жылдық өсім 4 есе) және Алматы облысы (10 адам, былтырға қарағанда, 9,1 пайыз аз) тұр.
Құқықбұзушылардың ең аз саны Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалған, бұл өңірлерде 2 адамнан. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ, Қарағанды және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық дерегі тіркелмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!