Қай министрлік жемқорлық бойынша көш бастап тұр? Антирейтинг

Қай министрлік жемқорлық бойынша көш бастап тұр? Антирейтинг
Фото: depositphoto, Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай мемлекеттік органда жемқорлық дерегі көп тіркелгенін атады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған.

Антикор жауабына сүйенсек, биыл 10 айда жемқорлықпен әшкереленген адамдардың ең көп саны Ішкі істер министрлігінде (93), Ауыл шаруашылығы министрлігінде (29), Қаржы министрлігінде (27) және Денсаулық сақтау министрлігінде (14).

Massaget.kz коллажы

Айта кетейік, былтыр Ішкі істер министрлігінде 193 адам, Төтенше жағдайлар министрлігінде 31 адам, Қаржы министрлігінде 25 адам, Қорғаныс министрлігінде 17 адам жемқорлық бойынша құқықбұзушылыққа барған. 

2022 жылы ІІМ мен Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігу туралы меморандумға қол қойғанына қарамастан, жыл сайын Ішкі істер министрлігіндегі мұндай қылмыстардың саны азаймай тұр. Өңірлерде пара алу дерегі бойынша сотталған полицейлерге қатысты іс те көп. Мәселен, Павлодарда көші-қон полициясының қызметкері пара алғаны үшін сотталды. 

Еске салайық, бұған дейін жемқорлық дерегі көп тіркелген өңірлер туралы да жаздық. 

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлықтың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ, Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын да айтты:

  • Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.
  • Астана қаласында білім беру саласында 13;
  • Алматы облысында білім беру саласында 21; 
  • Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова