Қай мамандықтарға көбірек? Алдағы оқу жылына 89 мыңнан аса грант бөлінді

Үкімет алдағы оқу жылына 89 мыңнан аса мемлекеттік грант бөлді. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін айтты. Соның ішінде:

  • бакалавриатқа 75 371;
  • магистратураға 11 007;
  • докторантураға 3 079 грант бөлінген.

"Гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21 пайызы педагог кагдрларды даярлауға бағытталған", - деді Саясат Нұрбек.

Ведомство мәліметінше, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 250; педагогикалық ғылымдарға 13 738; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 11 662; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға 9 363; ауыл шаруашылығы және биоресурстарға 3 145; денсаулық сақтау саласына 2 700; қызметтер бойынша 2 400; өнер және гуманитарлық ғылымдарға 1 915; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша 1 485; бизнес, басқару және құқыққа 1 423; ветеринарияға 1 275 грант бөлінген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз