Қай қан тобының иелері ұзақ өмір сүреді? Дәрігер жауап берді

Қай қан тобының иелері ұзақ өмір сүреді? Дәрігер жауап берді
Фото: depositphotos.com

Медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Владимир Подхомутников қай қан тобының иелері ұзақ өмір сүретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.

Кардиологтың айтуынша, бірінші қан тобындағылар арасында қанның нашар ұйығыштығына байланысты тромбоз және инфаркт жағдайлары сирек кездеседі.

"Бірінші қан топтағы адам арасында эмболия, тромбоз және миокард инфаркт жағдайлары аз кездеседі. Бұл қан тобындағылар көп жағдайда ұзақ өмір сүреді", – деді профессор.

Алайда егер адам қанның ұю жағдайлары дұрыс болмаса, бұл теріс рөл атқаруы мүмкін.

Жақында жапон ғалымдары бірінші қан тобы бар адамдар дәл сол себепті ауыр жарақаттардан, қан кетуден өліп кетуі мүмкін екенін анықтады. Қан ұйып қалатын болса босану кезінде әйелдер үшін де қауіпті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы